• USD 397.56
  • EUR 445.94
  • RUB 5.82
  • CNY 55.96

16 Мамыр, 2020 NEWS

Алматыда «Музей түні – 2020» онлайн акциясы өтеді

almaty.gov.kz

Халықаралық музейлер күніне орай 18 мамырда Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені, Д. А. Қонаев музейі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, Н. Тілендиевтің мемориалды музейлерінде «Музей түні – 2020» онлайн акциясын өткізеді.

Барлық іс-шаралар музейлердің әлеуметтік желілерінде (инстаграмм, фейсбук, сайт) 18.00 – 23.00 уақыт аралығында көрсетіледі.

Акция бағдарламасында:

1Алматы музейі

19:00 – Музей экспозициясы бойынша «4 сурет 1 сөз» квест ойыны

21:00 – «Сен Алматы тарихын білесің бе?» тақырыбында онлайн викториналық сұрақтар

 Instagram: @almatymuseum

Facebook: Музей Алматы - Алматы музейі

 2) Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

19:00 – Онлайн лекциялар (музыкалық археология, сасандо және сансин музыкалық аспаптары жайлы)

20:00 – Қобыз және жетіген аспаптарын жасау бойынша шеберлік сағаттары

21:00 – Дәстүрлі музыкалық концерт

22:00 – Ойындар

 Instagram: @ykhlas_museum

Facebook: Халық Музыкалық Аспаптар Музейі

 3) С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені

21 .00 – С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің музей кешені туралы видеоролик көрсетіледі

 Instagram: muzey_s.g.m

Facebook: Ғабит-Сабит Муканов-Мусрепов

 4) Д. А. Қонаев музейі

Instagram: museumkunaev

Facebook: Д.А.Қонаев музейі

 5) Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

19:20 – «Аспаптар сыр шертеді» көрме

19:30 – «Ұлттық өнерді насихаттаймыз» «Qazaq óner» қолөнер орталығының виртуалды экскурсиясы

19:45 – Төрткен Кененқызы «Кенен Әзірбаевтың өмір жолы» (еске алу онлайн сабақ)

20:00 – «Қобыз – көненің көзі» атты мастер-класс (тікелей эфир)

21:00 – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Нұржан Жанпейісов тікелей эфирде

22:00 – ҚР Мәдениет қайраткері – Талғат Әбуғазы тікелей эфир

23:15 – «Түнгі музейге саяхат» квест-ойыны

Іnstagram multimedia_center

Facebook Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығы

Н. Тілендиев мемориалдық музейі

Instagram: tlendiyev_museum

Facebook: Мемориалный музей Н.Тлендиева

Ілмек сөздер: Алматы Музей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір