• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:34:00
Алматы
+35°

Елордада мамырдың басынан бері Covid-19 жұқтырғандар саны екі есе азайды, деп елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

 

– Жалпы, мамырдың бірінші аптасында елордада 376 КВИ оқиғасы тіркелген, орташа өсім – 6,4%. Мамыр айының екінші аптасында 185 жағдай тіркелді, орташа өсім – 2,3%. Жағдайдың екі есеге азайғаны байқалады, өсім – 64%, – деп атап өтті С.Қисықова.

Қалада барлығы 1 287 КВИ жағдайы тіркелген. Оның ішінде 683 адам стационарларда, 602 адам (46,8%) сауыққаннан кейін шығарылды, қайтыс болған 5 адам.

Өткен тәулікте 36 жаңа жағдай тіркелді (тіркелгендердің өсімі – 2,9%), оның 21-і вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болған, ал 9-ы стационарда жүрген адамдар арасында анықталды. Тағы біреуі өңірлерден келгендер арасында, 5 жағдай МСАК ұйымдарына өзі жүгінгендер арасынан анықталды.

Қалада 75 355 зертханалық зерттеулер (ПТР) жүргізілді. Тәулігіне 3 200 зерттеу қуаты бар 5 вирусологиялық зертхана жұмыс істейді. Жақында ғана тәулігіне 150 зерттеу қуаты бар № 3 КҚБА базасында тағы бір зертхана ашылды.

Бүгінде бекітілген тәртіпке сәйкес қаланың ұйымдары мен ведомстволары бойынша 35 904 экспресс-тест бөлінді. Оның ішінде 31 721 (88%) тест жасалып, 417 (1,3%) жағдай оң нәтиже көрсетті. Барлығы ПТР әдісімен толық тексерілген. Оның қорытындысы бойынша 4 емделушіде КВИ анықталып, инфекциялық стационарда емделуде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір