• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:02:51
Алматы
+35°

"Төтенше жағдай режимін бұзу" және "Төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер" бабымен қамауда болған шымкенттік белсенді Руслан Жанпейісов бейнеүндеу арқылы мәлімдеме жасады.

Ол мәлімдемесінде ішкі істер министрінен, президенттен кешірім сұрап, бұдан былай полиция қызметкерлерін видеоға түсірмейтінін айты.

– Соңғы жеті жыл ішінде мен Қазақстандағы полиция қызметін жақсартуға өз үлесімді қостым. Мен қателіктер жасаған полицияларды сынға алып, видеоға түсірдім. Мұның дәлелі – тәртіптік жаза, қызметтік тергеу және қалғандары. Мен бұл видеоларды көрген басқа қызметкерлер мұндай қателіктер жібермейтініне және бұл полицияның жұмысын жақсартатынына сенімді болдым. Бірақ мені тыңдамады, түсінбеді, – деді белсенді. 

Сонымен қатар, ол полиция ұстау барысында жасаған кездегі әрекеттері үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан ыңғайсызданатынын айтты.
 
Жанпейісов бұл мәлімдемені жасауға "қысым көрсетілмеді" деді.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір