• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:58:32
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаттары «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдап, дауыс берді.

– Заңнама және сот, құқықтық реформа комитеті аталған заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарап шығып, мына жайларды атап өтеді. Сенаттың түзетулері Мәжіліс мақұлдаған тұжырымдама мен мазмұнды өзгертпейді әрі оның жекелеген нормаларын жақсартуға бағытталған. Атап айтқанда республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар әкімшілік орталық аудандарында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың арнайы орындарының міндетті санын белгілеу, тұрмыс-тіршілік нысандарының, көлік пен өзге де инфрақұрылымның жұмыс істеуінің бұзылуы, азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіру сияқты бейбіт жиналысты өткізуден бас тарту негізін алып тастау ұсынылады. Өйткені мұндай кедергілерді билік нақты әрі арнайы орынды белгілеу кезінде ескеруі және олардың алдын алуы тиіс, – деді Заңнама және сот, құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Қанат Мусин Мәжілістің жалпы отырысында.

Мәжіліс депутаты егер мұндай бұзушылықтар жойылса, бейбіт жиналысқа жекелеген қатысушылардың құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне байланысты жиналысты тоқтатпау және бейбіт жиналыс барысында денсаулықты қорғауға арналған жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға рұқсат беру ұсынылатынын мәлім етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір