• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:40:03
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық соты "Көше партиясы" "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының экстремистік әрекетін жалғастыру үшін және жауаптылықтан жалтару мақсатында жасалған қозғалыс екенін мәлімдеп, оның жұмысына тыйым салды.

Бас прокуратура сайтында жарияланған ақпаратқа сай, "ҚДТ" көшбасшылары 2019 жылғы желтоқсаннан бастап оның атауын "Көше партиясына" өзгерту жөнінде шаралар қабылдаған. Мұны ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықтаған.

Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының 2020 жылғы 19 мамырдағы шешімімен аталған ұйым экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағында тыйым салынды.

"ҚДТ" ұйымының қызметіне, оның ішінде "Көше партиясы" деген жаңа атауымен кез келген түрде қатысуға;

"ҚДТ"/"Көше партиясы" идеяларын насихаттау және қолдау, осы мақсаттарда жарияланымдарды, парақшаларды және өзге де ақпараттық материалдарды кез келген құралдармен және тәсілдермен дайындау, шығару, көбейту және таратуға;

"ҚДТ"/"Көше партиясы" атынан немесе оны қолдауға митингілер, демонстрациялар, жария акцияларын және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;

Ақшаны немесе өзге де мүлікті ұсыну және жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық, демеушілік және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету жолымен "КДТ"/"Көше партиясы" қызметін қаржыландыруға тыйым салынғанын түсіндіреді" делінген ақпараттық хабарламада.

 

Заңмен тыйым салынған аталған әрекеттерді жасағандар қылмыстық кодекстің 182 (экстремистік топқа қатысу), 258 (экстремизмді қаржыландыру) және 405-баптары (экстремистік ұйымға қатысу) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

 

Аталған баптарды бұзғандарға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады

 

Заң бұзушылыққа барған азаматтарға шартты түрде соттау, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаны өтеуін кейінге қалдыру және жеңілдету, рақымшылық және кешірім жасау қолданылмайды.

 

Сондай-ақ, олар татуласуына және кепілгерлігіне орай қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылмайды (ҚК-нің 63, 68-78-баптары).

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Көше партиясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір