• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:18:20
+35°

Алматыда қалалық автобус маршруттары 21 мамырдан бастап сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте жолаушылар бетперде тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жағдайда ғана қоғамдық көлікпен қатынай алады.

Сондай-ақ автобус салонындағы жолаушылар саны отыратын орындардың санынан аспауы тиіс. Қала автопарктерінің бірінде атап өткендей, егер барлық орындар бос емес болса, келесі автобусты күту керек. Жолаушылар ағынының айтарлықтай азаюына қарамастан, қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен күту аралығын қысқарту үшін қазір автобустардың 90%-ы жолға шығарылды. Сонымен қатар жолаушылар ағынының ұлғаюы байқалған танымал бағыттарда жылжымалы бірліктер саны артты.

Осы тұста санитарлық нормалардың сақталуына жолаушылардың өздері жауапты екенін атап өткен жөн. СЭС қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық көлікте тексеру ұйымдастырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір