• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:18:19
Алматы
+35°

Коронавирусқа байланысты келесі оқу жылында Кембридж университетінде бетпе-бет дәрістер болмайды. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

"Кембридж университетінде лекциялар студенттерге онлайн режимінде қол жетімді болады және егер олар әлеуметтік алыстату талаптарына сай келсе, кішігірім оқу топтарын жеке қабылдауға болады" деп хабарлады университет.

Осы оқу жылында университеттің кампустары пандемия басталған кезде жабылған. Кембридж егер әлеуметтік тұрғыдан алшақтату туралы кеңес өзгерсе, бұл шешімді қайта қарайды. Ондағы мәлімдемеде "университет осы пандемия кезінде пайда болатын кеңестерге үнемі бейімделіп отырады. Әлеуметтік алыстауды жалғастыру қажет болатынын ескере отырып, университет келесі оқу жылында бетпе-бет дәрістер өткізбеуге шешім қабылдады" делінген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір