• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:41:36
Алматы
+35°

Кеше NASA ғалымдары жағынан "уақыты кері қарай жүретін параллель әлемнен келуі мүмкін" деп тұжырымдалған бөлшектердің табылғанын хабарлаған болатынбыз. Көп ұзамай ол деректер өзге де әлемдік жетекші ғалымдарға берліді. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық Daily Mail басылымына сілетеме жасап хабарлайды. 

Жаңа табылған бөлшектердің құпиясын түсіну үшін Антарктидада тәжірибе жасап жатқан NASA ғалымдары тобының (ANITA) деректерін басқа үздік ғалымдар да талдай бастады. Олардың ішінде Канаданың Ватерлоо қаласындағы Теориялық физика институтының қызметкері Нил Турок та бар. 

Турок және оның командасы бірқатар күрделі есептеулер жүргізді. Олардың ойынша, Антарктикада бақыланған нейтринолар бөлшектердің мүлдем жаңа түрі болуы мүмкін. Ол бөлшектер «оңқай нейтрино», солақай «неврино» деген атпен танымал. 

Турок оңқай және солақай нейтринолар материя мен антиматерия сияқты болуы мүмкін деп сенеді. Ол материя мен антиматерияның уақыттары қарама-қарсы бағытта қозғалатын бөлшектердің бір түрі екендігі туралы тұжырым жасады.

Бұл теорияға сәйкес, бөлшектер мүлдем жаңа әлемнен келген.

Бұл жаңа әлем Үлкен жарылыс кезінде біздікімен бірдей нүктеде пайда болған, бірақ уақыттары қарама-қарсы бағытта қозғалады, ол әлем біздікіндей үлкеюдің орнына керісінше кішірейеді және материядан емес антиматериядан тұрады.

Антарктидада байқалған жұмбақ нейтрино біздің ғаламда жиі кездесетін нейтринолардың айнасы сияқты, бұл оның бізбен мүлде керісінше физикалық заңдылықта болатынын түсіндіреді.

NASA зерттеушліер тобының басшысы Орхамның айтуынша, оның командасы әлі де деректерді сараптап, ресми құжат дайындау үшін жұмыс істемек. Оның пікірінше, бұл үлкен қадам болады.

–Біз оны қалай көрсететінімізді әлі білмейміз, бірақ бізде бір таңғажайып нәрсе бар,–деді ол New Scientist-ке.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: NASA параллель әлем

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір