• USD 399.67
  • EUR 452.95
  • RUB 5.82
  • CNY 56.36

20 Мамыр, 2020 NEWS

ШҚО-дағы екі мыңнан астам су қоймасында шомылуға болады

ШҚО ақпарат орталығы

Шығыс Қазақстан облысындағы адам көп шоғырланған елді мекендердің маңайындағы екі мыңнан астам су қоймасында суға шомылуға рұқсат берілді. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында ТЖД басшысының орынбасары Дмитрий Титов мәлім етті.

– Бірінші маусымнан бастап суға шомылу маусымы ашылады. Өкінішке қарай, ағымдағы жыл басынан бері өңірде 9 адам суға кетті. Оның ішінде 4 адам балық аулау кезінде қайтыс болды. Мұндай оқиғаның көбі Семей қаласы мен Алтай ауданында болды, – деді Дмитрий Титов.

Өңірде 370 қоғамдық демалыс орны, сондай-ақ туризм мен спортты дамытуға арналған су қоймалары бар. Оның ішінде 180 жағажайда келушілерге барлық жағдай жасалған.

Айта кетейік, ШҚО мәслихатының шешімімен 64 орында суға түсуге тыйым салынды.

– Қауіпсіздікті сақтау мақсатында 64 тыйым салу тақтайшалары мен 280 ескерту тақтайшалары ілінді, – деді Дмитрий Титов.

Брифинг барысында Өскемен қалалық ТЖБ басшысының орынбасары Дастан Ахметов облыс орталығындағы 8 орында суға түсуге тыйым салынғанын мәлім етті.

– Өскемендегі «Самал» саябағы мен сол жағалаудағы «Көгілдір көлдер» аумағында ғана суға шомылуға болады, – деді Дастан Ахметов.

ШҚО ақпарат орталығы

Ілмек сөздер: шомылу маусымы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір