• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:34:01
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстан облысы Шүлбі кентінде өрт сөндірушілер өрт кезінде 21 адам мен төрт баланы эвакуациялады., деп хабарлады Polisia.kz.

Өрт тұрғын үйлердің бірінде болған. Көршілер 4-қабаттағы түтінді байқап, өрт сөндіру бөліміне хабарласқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер үш минут ішінде келіп жетті.

Барлау кезінде жанып жатқан пәтерден үй иесі ес-түссіз күйде табылған. Зардап шегушінің тамыр соғысы болмағандықтан бірінші медициналық жәрдем көрсетілген. Алайда келіп жеткен ауылдық фельдшер 1972 жылы туған ер қайтыс болғанын анықтады.

Осы уақытта өрт сөндірушілердің екінші буыны түтін басқан үйден тұрғындарды эвакуациялай бастады. Әр пәтерді аралап, далаға шығуларын өтінді. Барлығы 25 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.

Екі шаршы метрдегі өрт сөндірілді, ғимаратты толық қарап шығып, тұрғындарға қауіптің жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін даладағы тұрғындардың үйлеріне кірулеріне рұқсат берілді.

Өрттің шығу себебі  – отты абайсыз пайдалану және мас күйде темекі шеккен деп болжануда. 

Жалпы облыс бойынша жыл басынан бері өрт кезінде 12 адам құтқарылды, 340 адам эвакуацияланды, 28 адам көз жұмды. Полиция департаменті тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, өрт кезінде дереу "101" нөміріне қоңырау соғуды сұрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір