• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:55:12
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2020 NEWS

"Біз де Лениннің мумиясын сатсақ болады"

Владимир Лениннің бальзамдалған денесі Қызыл алаңдағы мавзолейде сақталған

Ашық дереккөз

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Ленин мумиясын сату туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы Жириновский өзінің twitter парақшасына жазды. 

– Франциядағы бір кәсіпкер "Джоканданың" суретін сатпақ. Біз де Лениннің мумиясын сатсақ болады. Сатып алушылар міндетті түрде табылады. Қытай, Вьетнам немесе бір коммунист сатып алуы мүмкін. Ленин жақсы сақталған. Осыдан 96 жыл бұрын ғана мумияландырылған, – деп жазды Жириновский. 

1924 жылы Владимир Ленин қайтыс болғанда оны мәйіті бальзамдалып, Қызыл алаңдағы мавзолейге қойылған. Мәйіт әлі күнге дейін сол жерде сақтаулы.  Кеңес-Герман соғысы кезінде Мәскеуге қауіп төнген сәтте уақытша Түменге көшіріліп, 1945 жылы Мәскеуге қайта әкелінген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір