• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:40:52
Алматы
+35°

Pakistan International Airlines ұшағы Лахор қаласынан Карачи қаласына ұшып бара жатып, апатқа ұшырады, деп мәлімдеді Пәкістан авиация өкілдері. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақпараттық хабарламаға сай, шамамен 99 жолаушы, экипаждың сегіз мүшесі болған ұшақ Лахор қаласынан Пәкістанның ең ірі әуежайларының бірі – Джинна халықаралық әуежайына ұшып бара жатқан. 

Әлеуметтік желілерде бөлісілген суреттерде апат болған жерден өрт шығып жатқанын көруге болады.

Оқиға орнына жедел қызметтер келген.

– Ұшақ Карачиде апатқа ұшырады. Біз жолаушылардың санын растауға тырысып жатырмыз, бірақ бастапқы мәлімет бойынша 99 жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі бар, – деді Пәкістанның авиациялық өкілдігінің қызметкері Абдул Саттар Хохар.

Апат елдің коммерциялық рейстерін қайта бастауға бірнеше күн қалғанда болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір