• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:50:55
Алматы
+12°

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы күрт нашарлап, қатты ауырып қалған. Бұл туралы президенттің ұлы Сеид Атамбаев Facebook желісінде жариялады.

– Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы күрт нашарлап, қатты ауырып қалды. Ол үшінші кездесуінде әйелі мен балаларын құшақтай алмай, терезе арқылы байланысқа шықты, – деді С. Атамбаев. 

Ұлының айтуынша, Атамбаев та, туыстары да коронавирусқа тест тапсырған, сараптама қорытындысы теріс болып шыққан.

Ол әкесі мен туыстарына неліктен әлі күнге дейін кездесу қауіпті екенін түсінбейтінін атап өтті.

– Алмазбек Атамбаевқа үлкен моральдық қысым көрсетілді, ол өз денсаулығына қатысты шағымданғысы келмейді. Жээнбеков пен Опумбаев билігі осыны түсініп, Атамбаевтың отбасымен өткізуі қажет құнды минуттарын алып жатыр, – деп жазды ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір