• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:04:04
Алматы
+35°

Димаш Ниязов WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) ұйымының «Әлем батыры» марапатына ие болды. Бұл туралы Димаш Ниязов өзінің Instagram парақшасында хабарлаған. 

Бокс қауымдастығының өкілдері, Димаш Ниязовқа COVID-19 пандемиясы кең тараған қиын кезеңде жұмыс істеуді жалғастырғаны үшін алғыс айтқан. 

"Мен WBC тағайындаған "Әлем батыры" атағына ие болдым. WBC қауымдастығына еңбегімді елеп, осындай атақ бергені үшін алғыс айтамын. Мен әрі қарай да өз жұмысымды үлкен ықыласпен жалғастырып, менен кейінгі бауырларыма үлгі болуға тырысамын. Мен мұны бағалаймын", - деп жазған Димаш Ниязов. 

Димаш Ниязов Шымкент қаласында дүниеге келді, 13 жасында ата-анасымен АҚШ-қа көшеді. Кейін жергілікті полиция қызметінде жұмыс істейді, сонымен қатар кәсіпқой бокспен айналысады. Бұдан бөлек Димаш Ниязов Нью-Йорк полициясындағы қызметі үшін арнайы төсбелгіні де алған болатын. Ол бокстағы көптеген беделді кубоктардың иегері және «Нью-Йорктегі ең үздік полиция офицері» атағына ие болған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

I received a “Hero of the World award”?from World Boxing Council ? Big thanks to @wbcboxing for recognition & to those who nominated me as their hero. I will continue on working hard & be a role model to those who look up to me. I appreciate it ✊ . . Получил награду “Героя Мира” ?от Всемирного Боксерского Совета. Спасибо WBC ? за признание и тем, кто назначил меня своим героем. Я буду продолжать усердно работать и быть образцом для подражания для молодёжи и тех кто наблюдает за мной. Я ценю это ?⚡️? . . . . . #herooftheworld #recognition #wbcboxing #award #wbc #wbccares #thankyou #staysafe #goodvibes #who #wba #ibf #champion #lawenforcement #nypd #policeofficer #covid19 #usa #kazakhstan #teamdimash

Публикация от Dimash⚡️Niyazov (@dimash.niyazov)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір