23 Мамыр, 2020 NEWS

Пәкістан: Апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағындағы 97 адам қайтыс болды

Әл- Жазира

Пәкістанда әуежайға жақын жерде апатқа ұшыраған PIA ұшағында кем дегенде 97 адам көз жұмған. Жергілікті билік 19 мәйітті анықтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі Әл-Жазира телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласының әуежайына жақындаған кезде Airbus A320 жолаушылар ұшағы тұрғын үйлер маңында апатқа ұшырағаннан кейін кем дегенде 97 адам қаза тапты, дейді пәкістандық ресми тұлғалар.

Пәкістан денсаулық сақтау министрлігі өкілінің мәліметінше, аман қалған екі адам Карачидегі ауруханаларда емделуде, әзірге 19 адамның мәйіті анықталған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір