• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:14:27
Алматы
+35°

суретті түсірген Ж.Құспанов

Нұр-Сұлтан, 24 мамыр, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. 

- Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі - Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын.
«Он екі айдың сұлтаны» саналатын Рамазан айында жасаған қайырлы амалдар қабыл болсын!
Ораза айт мерекесі - ол бірлігі мен ынтымағы жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтардың берекесін арттырып, елдігімізді күшейтеді.
Сонымен бірге, бұл адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке.
Осы қасиетті мерекеде дендеріңізге саулық, әрбір отбасына амандық, құт-береке тiлеймiн!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Нұрлан Нығматулин.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір