• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:17:17
Алматы
+35°

Қырғызстан парламентінің бұрынғы спикері Мукар Чолпонбаев коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Бұл туралы РИА хабарлады.

"Бүгін, 24 мамырда, Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар емханасында Қырғызстан парламентінің экс-спикері, қоғам қайраткері Мукар Чолпонбаев 70 жасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болды", делінген хабарламада. 

Чолпонбаев ауруханаға 5 мамырда түскен, кейіннен жағдайы нашарлап 12 мамырда жансақтау бөліміне жатқызылған.

Коронавирус анықталғаннан кейін экс-спикерде екі жақты пнемония мен тыныс алу жолдарында бірқатар асқынулар пайда болған.  Оның бұдан бөлек жүрек, бүйрек және буын аурулары бар еді.

Мукар Чолпонбаев әділет министрі және Қырғызстан парламентінің депутаты қызметтерін атқарған.

Бүгінде Қырғызстанда жалпы 1440 адамнан COVID-19 анықталған. Оның 275-і медициналық қызметкер. Жазылғандар – 980, ал 15-і індеттен көз жұмған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір