• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:32:22
Алматы
+35°

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

бщ

"Блокбекетте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жол апаты оқиғасынан қаза болуына байланысты отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын.", - деп жазды Twitter парақшасына Бақытжан Сағынтаев. 

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда мас жүргізуші блокбекетке соғылып, екі полицейдің қаза тапты. 

"25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке қарай үшып кеткен. Салонда екі полицей болған",  делінген ресми хабарламада. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір