• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:58:38
Алматы
+35°

Түнгі жұмыс уакыты мереке немесе демалыс күнімен тура келген кезде, еңбекке ақы түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде және мереке, демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жеке төлемдер жүргізіледі. Бұл туралы Шығыс Қазақстан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлім етті.

– Сондай-ақ, өсімпұлдарды есептеу және төлеу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып, есептеледі және төлем жүргізуге тиісті келесі күннен басталып, төлем жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есептелінеді. Өсімпұлдар енгізілген өзгерістерге сәйкес, тек қана жалақыға ғана емес, сонымен қатар, жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу кезінде де есептеледі, – деді Бақытбек Қизатов.

ШҚО ақпарат орталығы

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: еңбек қатынасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір