• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:12:13
Алматы
+35°

Алматыда маскалық режимді сақтамаған тұлғаларға айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы онлайн брифингте қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты.

– Қалада толығымен маскалық режим жарияланған. Әзірше халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Маскалық режимнің маңыздылығы жоғары. Себебі, бұл инфекцияның одан әрі өршуіне кедергі келтіреді. Әсіресе автобустар мен халық көп шоғырланған жерлерде талап етіледі, – деді Ерлан Қожағапанов.

Қала әкімінің бірінші орынбасары маска кимеген тұлғаларға қатысты қандай шара қабылданатынын айтты.

– Қазір әкімдік өкілдері мен полиция қызметкерлері тиісті инструкция алды. Эпимедиологиялық ахуал ушығатын болса, маска кимеген азаматтарға айыппұл салатын боламыз. Бұл жерде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексін қолданатын боламыз, – деді Е.Қожағапанов.

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айыппұлдардың мөлшері туралы айтты.

– Егер азамат бетперде киюге қатысты карантиндік шараларды бұзса, онда айыппұл мөлшері 13 890 теңге. Ал азаматтарға маскаларсыз кіруге рұқсат берген объектінің лауазымды тұлғаларына 41 670 теңге айыппұл салынады. 

Бүгін біз барлық нысандарда бетперде киіп жүруді талап етеміз. Егер де  шағын бизнесте адамдар режімді сақтамаса, оған 277 800 теңге айыппұл салынады, ал орта бизнесте – 555,600 теңге, үлкен бизнес болса, объект тек бетперде жоқ адамдарға мүмкіндік бергендіктен, заңды тұлға үшін айыппұл 1 389 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді, – деді Ж. Бекшин.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір