• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:49:56
Алматы
+35°

Еуропалық Одақтың сыртқы істер бойынша басшысы АҚШ бастаған ғаламдық жүйенің ақыры келгенін және Еуропа үшін Қытайға арналған мықты стратегия қажет екенін айтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еуропалық Одақтың сыртқы істер жөніндегі басшысы Хосеп Борреллдің айтуынша, АҚШ басқаратын ғаламдық жүйенің ақыры жақындап, Азия ғасыры келген болуы мүмкін. Бұл мәлімдеме Қытай мен АҚШ арасындағы жолды Еуропа қалай таңдау керектігі туралы талқыланған кезде айтылды.

– Сарапшылар америкалық жүйенің жойылуы және азиялық ғасырдың келуі туралы ұзақ уақыттан бері айтып келеді. Бұл қазір біздің көз алдымызда болып жатыр, – деді Хосеп Боррелл дүйсенбіде бір топ неміс дипломаттарына. Ол коронавирус пандемиясының бетбұрыс болатынын және қай тарапты таңдау қысымы артып келе жатқанын жеткізді.

– Қытайға арналған неғұрлым мықты стратегия керек, бірақ ол Азияның басқа демократиялық елдерімен жақсы қарым-қатынасты шарт етеді, – деп толықтырды ол.

ЕО Дональд Трамптың Қытайға қарсы ұстанымымен келіспейді. "Алайда Қытай билігінің Гонконгтың тәуелсіздігіне шабуыл жасауы және қарт құрлыққа нарығын ашудан бас тартуы Еуропалық Одақты қайта ойлануға мәжбүр етті" дейді сарапшылар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Еуропалық Одақ Азия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір