• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:02:05
Алматы
+35°

Қытайда "жарғанат әйел" деген атпен танымал Ухан вирусология институты директорының орынбасары Ши Чэнли өлімге соқтыратын коронавирус "айсбергтің бір ұшы" ғана екенін ескертті, деп хабарлайды Қамшы тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап. 

– Біз жұқпалы аурудың басқа жаңа түрлерінің таралуын болдырмас үшін табиғаттағы жабайы жануарлар арқылы жұғатын белгісіз вирустар туралы алдын ала білуіміз керек және ертерек ескертулер жасауымыз керек, – деді қытайлық ғалым дүйсенбіде CGTN-ге берген сұхбатында.

– Егер біз [вирустарды] зерттемесек, бұдан да ірі тағы бір індет болуы мүмкін, – деп ескертті Ши.

Коронавирустарды зерттеумен ұзақ жылдар бойы айналысып жүрген ол 2015 жылы аталған вирустардың бір түрден екінші түрге жұғатынын растаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір