27 Мамыр, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Қазақстандағы жоғары оқу орындарын 3 лигаға бөлу керек. Мұндай ұсынысты ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған отырысында кеңес мүшесі Асылбек Қожахмет айтты.
– Қазақстанда жоғары оқу орындарының, студентердің көптігі, білім сапасының төмендігі туралы үш миф бар. Мұндай стеротиптің ешқайсысы шындыққа сәйкес келмейді. Университеттер мен студенттер санынның 1 млн адамға шаққанда Қазақстанда көрсеткіш АҚШ, Франция, Малайзия секілді елдердікінен төмен. Ал білім саласына бөлінген қаржының көп елдердікінен төмен екеніне қарамастан, Қазақстан жоғары оқу орындарындағы білім сапасы әлемде 36-орында келеді. Бұл жақсы нәтиже, – деді ол.
Сондай-ақ ол университетттердің 3 лигаға бөлуді ұсынды.
– ЖОО-ларды қазіргідей мемлекеттік және жекеменшік деп емес, өзге критерий лер бойынша бөлген маңызды. Осы ретте университеттерді 3 лигаға бөлуді ұсынамыз. 1-лига халықаралық университеттер. Олар Қазақстанның имиджін көтеретін оқу ордасы болуға тиіс. 2-лига ұлттық университеттер. 3-лига аймақтық университеттер. Мұндай бөлініс кезінде олардың нақты бағыты айқындалып, нысаналы жұмыс жасалады, – деді Асылбек Қожахмет.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір