• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:33:05
Алматы
+35°

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

Қалада коронавирус індетімен ауырғандардың 40%-ын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды.

– Бүгінде жұқтырғандар саны 1686 адам. Оның 51%-ы емделіп шығып, қалғандары карантинде жатыр. Жас ерекшеліктеріне келер болсақ: 40% – 30 жасқа дейінгі жастар, 35% – 30-дан 50 жасқа дейінгілер. Сондықтан, аға буын, зейнет жасындағы адамдар немесе түрлі диагноздары бар адамдар ғана жұқтырғаны туралы болжам дұрыс емес. Тәжірибе көрсеткендей, коронавирус жасқа қарамайды. Сондықтан біз санитарлық нормаларды сақтауымыз керек, – деді Көлгінов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір