• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:55:48
Алматы
+35°

«Жұмыспен қамтудың жол картасы»  бағдарламасы аясында 12,3 миллиард теңгені құрайтын  43-жоба іске асады

Бұл  туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дастан Бегендіков мәлімдеді.

 «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  жоба мүмкіндіктері жарияланғаннан бері, орталықта «Еңбек нарығы» базасында жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған 1000 жуық жұмыссыз азаматтарға  жолдама беріліп, Ақтау қаласы бойынша 390 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.   

Бағдарлама аясында барлығы 12,3 миллиард теңгеге 43-жоба және 3 500 адам жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жалақы көлемі жұмыс ауқымына байланысты 85 мың теңгеден 150 мың теңге аралығында төленеді. Бағдарламаға қатысушы мердігер мекеме Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1742 азаматты яғни, (50%) жұмыссыз азаматтар қамтылады деп күтілуде. Жобаға қатысуға ниет білдіретін жұмыссыз азаматтар, міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы Ақтау қаласында болу қажет.

Жол картасының инфрақұрылым  жобалары 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асады:

         Әлеуметтік-мәдени нысандарды   күрделі, ағымдағы жөндеу, қайта салу және құрылысын салу (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру нысандары)

 Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысандарындағы күрделі, ағымдағы жөндеу (газ, жылу жүйелері, суқұбырлары, канализация);

Қаладағы  инженерлік-көлік инфроқұрылымдарды салу, күрделі және ағымдағы жөндеу (автомобиль жолдары);

Шағын аудандарды  абаттандыру жұмыстары;

Жол картасы шеңберінде бір мектеп салынып, 2 мектепке күрделі жөндеу, 12 мектеп және 4 балабақшаға  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда және жүзеге асырылуда.

 Сондай-ақ 3 театр, 3 спорт нысаны, 4  әлеуметтік нысан, 3 колледж, 3 денсаулық сақтау мекемесі жөндеуден өтеді. 

Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз болып тіркелу үшін Ақтау қаласы, 35 шағын аудан, №2 ғимаратында орналасқан Кәсіпкерлер палатасынан толық мәліметті ала алады. (байланыс телефоны 305065)

Бос жұмыс орындары туралы ақпаратты www.enbek.gov.kz сайтының «Еңбек биржасы» айдарынан танысып және «CZ-Aktau» атты мобильді қосымшада жұмыс берушілер үшін түйіндеме қалдыра алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір