• USD 409.19
  • EUR 461.24
  • RUB 5.67
  • CNY 58.26

26 Мамыр, 2020 Аймақтар

Маңғыстауда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 6 учаскеде шомылуға тыйым салынды 

qamshy.kz

Маңғыстауда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 6 учаскеде шомылуға тыйым салынды.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев хабарлады.

Жыл сайын жаз мезгілінің басталуымен Каспий теңізінің жағалауында демалатын халық ағыны өсуде. Осыған байланысты, статистика бойынша, жазғы айында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануының шыңы байқалады. Су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету МО төтенше жағдайлар департаментінің назарында. Алайда, қызметкерлердің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, халықтың бәріне бірдей ұдайы қамтылмауы мүмкін. Жүргізілген талдау бойынша, судағы опат болудың негізгі себебі судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына, тиым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылуға, суда мас күйінде болуға, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырушы ата-аналардың жауапсыздығына байланысты болды.

Суға шомылу маусымы кезінде адамдардың қаза болуы мен мертігуіне жол бермеу мақсатында су айдындарының учаскеде шомылуға тыйым салынған және тиісінше рұқсат етілген – 38 учаскелері бойынша нормативтік құжаттар қабылданды. Жоспар аясында 2020 жылғы суға шомылу маусымы кезеңінде облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру, алдын алу және практикалық іс-шаралар кешені қарастырылды.

МО төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына, оның ішінде балаларға  профилактикалық, үгіт-насихат жұмыстары рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Өткен жылы 29 рейд өткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы бойынша 13 адам 176 750 тенге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Судағы адам шығынын болдырмау мақсатта профилактикалық іс-шаралар шомылу маусымы аяқталғанға дейін жүргізіледі.

Айта кету керек, тұрғындардың шомылу маусымындағы қауіпсіздігін  Ақтау, Форт-Шевченко, Құрық ауылы мен Кендірлі демалыс базасындағы жедел-құтқару бөлімшелері қамтамасыз етеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір