• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:23:21
Алматы
+35°

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясынан  89 жастағы қарияның емделіп шыққанын хабарлады.

Облыста коронавирустан айыққан 2 адам Кеген ауданы мен Қапшағай қаласының тұрғындары. Олардың біреуі – 1962 жылы туған азамат, екіншісі - 89 жастағы қария.

1931 жылы дүниеге келген Кеген ауданының тұрғыны Күмісхан Оразақынова Шелек ауылындағы аудандық ауруханада 4 мамырдан бастап ем қабылдаған. Аталған аурухананың бас дәрігері Гүлнар Кураметованың айтуынша, пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта болған.

– Ауруханаға түскен кезде пациенттің жас ерекшелігін ескере отырып, реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық. Бүгін пациент коронавирус инфекциясынан толық айығып шықты, – деді бас дәрігер.

Қазір індеттен айыққан 2 тұрғынның да жағдайы жақсы, денсаулықтарына шағымы жоқ.

Сөйтіп, Алматы облысында COVID-19 инфекциясынан жазылғандар саны 178-ге жетті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір