• USD 431.41

  • EUR 452.94

  • RUB 6.92

  • CNY 63.83

20 Мамыр, 04:28:21
Алматы
+14°

NASA ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшырылымның кейінге шегерілгенін жариялады. Бұл туралы Қамшы тілшісі NASA-ның тікелей трансляциясына сілтеме жасап хабарлайды.

Тікелей эфирде ұшырылымның алдағы үш күнде болатыны айтылды. Соңында алдағы сенбінің таңдалғаны жарияланды. Сенбі күні жергілікті уақыт бойынша түстен кейін сағат 15:22-ге өзгертілгені нақтыланды. Алайда ол күні де ауа райы қолайсыз болса, жоспардың тағы өзгеруі мүмкін екені де ескертілді. Ауа райының алдағы ұшырылымға ықпал ету мүмкіндігінің 40 пайыз екені хабарланды.

Айта кетейік, NASA ғарышкерлері АҚШ топырағында 2011 жылдан бері алғаш болатын ғарышқа ұшуға дайындалуда. 2011 жылдан бері олар ғарышқа Байқоңырдан ұшып келген. 

Ұшырылым болатын күн "америкалық ғарыштық бағдарламаның жаңа дәуірі басталатын күн" деп сипатталуда.

Америкалық екі ғарышкердің Халықаралық ғарыш станциясына ұшу уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 16:33-ке (Алматы уақыты бойынша бүгін таңғы 2:33) жоспарланып, Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан ұшырылмақ болған. 

Бірақ Атлантида ғарыштық ұшуы аяқталғаннан кейін америкалық ғарышкерлердің 9 жылдан бергі алғашқы ұшырылымы жүзеге аспады.

Егер сенбіде бәрі ойдағыдай болса, Илон Масктың "SpaceX Crew Dragon" ғарыш кемесі NASA ғарышкерлері Роберт Беннкен мен Дуглас Херлиді Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді.

Оқиғаның жалпы барысын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: NASA

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір