• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:44:02
Алматы
+35°

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының әкімі пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 

Агенттіктің хабарлауынша, Жамбыл ауылдық округының әкімі жер учаскесін бергені үшін заңсыз ақша алған. 

"Әкім 400 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Ол қамауға алынған жоқ. Себебі – сотқа дейінгі өндірісті тездетіп өткізуге өтініш берді. Тергеу жалғасып жатыр. Соңғы шешімді сот шығарады", - дейді агенттік тергеушісі Данияр Биғайдаров. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір