• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:41:07
Алматы
+35°

Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Амантай Өсербаев әскер қатарына қабылданғандар 14 күндік карантинге алынып, ПЦР тесттен өтетінін мәлім етті. Бұл туралы ??CORONAVIRUS2020.KZ телеграм-каналы хабарлады.

– Біріншіден, әкімнің шешіміне байланысты медициналық комиссияның құрамына жұқпалы аурулар маманы қосылды және барлық шақыру орындарында медициналық пост қойылды. Яғни әрбір шақырылған азаматтың дене қызуы тексеріліп, бірден жұқпалы аурулар дәрігеріне барады.

Әскерге шақырушылардың ант қабылдау рәсіміне ата-аналары мен туыстары шақырылмайды. Дегенмен, санитарлық нормаларды сақтай отырып ант қабылдау рәсім өткізіледі, – деді Амантай Өсербаев брифинг барысында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Әскер карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір