• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:37:48
Алматы
+35°

Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Ол қаражатқа 316 жоба іске асырылады, деп жазады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты.

Нәтижесінде қалаларда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,5% жеткізіледі.
 
"Бұл – 10 млн-нан астам адам. Ал ауылдық жерлерде аталған көрсеткіш 87,7% жетіп, 6,84 млн адамды қамтиды. Сондай-ақ қалаларда ағынды суларды тазартумен қамту 74,9% құрайды" делінген хабарламада.
 
Өткен жылы бұл бағытта 404 жоба жүзеге асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылған.
 
Қазіргі уақытта ел бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткіші – 92,6%.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауыз су

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір