• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:22:52
Алматы
+35°

Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тағы фан-клубының ресми YouTube каналында қазақстандық әншінің "Дайдидау" әнін қазақ тілінде орындап жатқан видео жариялады

Наурыз айының басында «Dimash USA FC» көшбасшысы фан-клуб жетекшілігіне Димаштың туған күніне орай видеоролик түсуріп, құттықтау идеясын ұсынған болатын. Калифорниядағы фан-клуб филиалының лидері Кимберли Фальконе идеяны бірден қолдады. Алайда видеоны қай стильде түсіру керегін бірден нақтыламады.

Кейін Кимберли топтың транслитерация бойынша мүшесі Челси Даймондқа жолығып, жаңа видео әзірлеу керектігі туралы өтініш айтады. Әңгіме барысында ерекше «челлендж» ұйымдастыру туралы ой келеді – өзге фанаттармен бірігіп, Димаштың әнін оның ана тілінде шырқау керек болады. Осыған ұқсас қашықтықтан хормен орындалған әндерді тыңдап, америкалық фан-клуб әкімшісі түсірілімді басқа жанкүйерлермен де әзірлеу керек деп шешеді.

Фанаттар Димаштың «Дайдидау» әніне тоқтайды. Бұл әннің Нью-Йорктегі концертте болған америкалық фанаттар үшін маңызы зор.

Фан-клуб әкімшісі «FaceTime» бойынша видеоқоңырау стилінде видео жазады, өзге фанаттар да қолдайды деген сеніммен өздерінің идеялары туралы фан-клубтың facebook-тегі ресми аккаунтында хабарлайды.

Құлаққап киіп, Димаштың «Дайдидау» әнін унисон орындап, жеке дауыстарын жолдау керегі туралы үндеу тастайды. Видеолар жиналған соң, фан-клуб әкімшісі оларды тұтас бір видеоға біріктіреді.

Америкалық фанаттардың айтуынша, қазақ тілінде ән айту оңайға соқпаса керек, бірақ қызық болыпты. Транслитерацияның көмегі де зор болған. Бірқатар Dears бэквокал жазып, әнді одан әрі әрлей түсті.

Dears видеосын MP3 форматқа конвертациялап, Димаштың дауысымен байланыстырғанға дейін шамамен 100 сағаттан астам уақыт кетті. О баста фанаттар әнді толық орындап шықты, кейін эдиторлар әрбір қатысушының видеосынан әннің бір жолынан кесіп, тұтас бір ролик құрастырып шықты.

Жалпы алғанда, хорға  АҚШ-тың 7 штаты мен төрт мемлекеттен (Нидерланды, Канада, Колумбия, Үндістан) 21 Dears қатысты.

Сонымен бірге, АҚШ-тың 21 штатынан және төрт елден (Аргентина, Бразилия, Канада, Нидерланды) 102 фанаттың құттықтау лебіздері видеоға жазып алынды.

Америкалық фан-клуб әкімшісінің айтуынша, барлық Dears жұмысты қуана-қуана істеген. Карантин кезінде олар Димашқа қуаныш сыйлап, құттықтап қана қоймай, бірлескен жобаны әзірлеу барысында керемет уақыт өткізіп, ерекше сезімге бөленді.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір