29 Мамыр, 2020 NEWS
Getty
Twitter АҚШ президенті Дональд Трамптың жазбасын бұғаттады. Twitter-дің ескертуі бойынша, жазба зорлық-зомбылықты дәріптеуге қарсы ережелерді бұзған. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Twitter компаниясы АҚШ президентінің жабасын өшірмеген, алайда, ескерту жасаған. Ескертуді Трамптың жазбасын басу арқылы көруге болады.
Ескертуде "Twitter-дің шешімі бойынша, жазба қоғамның мүддесі аясында болса, қолжетімді болуы мүмкін" деп жазылған.
Полиция бақылауындағы қара нәсілді азаматтың өлімінен кейін АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы наразылықтан соң Трамп Twitter-де жазба жариялаған. Жазбада президент Ұлттық гвардия жасақтарын жіберетінін айтып, "тонау басталса, атыс басталады" деп ескерту жасаған. Жазбаны Twitter "зорлық-зомбылықты дәріптеді" деп бұғаттаған.
Бұл "Twitter мен Ақ үй арасында болған шиеленістегі соңғы жағдай" деп сипатталуда.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті мен Twitter компаниясы арасында қайшылық күшейіп, Трамп алпауыт интернет компанияларын тексеруге алып, тіпті оларды жапқызатынын мәлімдеген. Көп өтпей АҚШ президенті ірі әлеуметтік желі платформаларын реттейтін заң жобасына қол қойған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір