• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 07:49:16
Алматы
+12°

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік медиа платформаларға арналған кейбір заңдық қорғауды алып тастауға бағытталған бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Қамшы тілшісі Нью-Йорк Таймсқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Трамп ірі интернет компанияларында желі қолданушыларының пікірлерін өзгерту немесе цензура жасау үшін «тексерілмеген күш» бар екенін мәлімдеді.

АҚШ президенті Twitter және Facebook сияқты платформалар консерваторлардың үндерін өшіретінін айтып айыптады.

Айта кетейік, осы аптада Twitter Трамптың жазбаларына фактчекиң белгілерін қосуды ұйғарғаннан кейін, Ақ үй мен интернет компаниясы арасында шиеленіс күшейе түсті. АҚШ президенті "Twitter сайлауға кедергі келтірді, сөз бостандығына қарсы әрекет етті" деп айыптап, компанияны жаптыратынын мәлімдеген. Ал, Twitter Трамптың АҚШ Миннесота штатындағы тәртіпсіздіктер туралы жазбасын "зорлық-зомбылық белгілер бар" деп ұйғарып, бұғаттаған

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп Twitter

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір