• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 15:44:33
Алматы
+35°

Америкалық саясаткер Бейжің АҚШ-пен "соғысуда" деп мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық Daily Express газетіне сілтеме жасап хабарлайды. Британиялық басылым "Америка саясаткері Қытайдың АҚШ-пен соғысып жатқанын шұғыл ескертті" деген тақырыппен ақпарат жариялады.  

Коронавирустың таралуына, Гонконгтың егемендігі мәселесіне және Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленістерге байланысты Бейжің мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас  нашарлай түсуде. 

АҚШ Оклахома штатының республикашылдар өкілі Кевин Эрнның ойынша, энергияға бай Оңтүстік Қытай теңізіндегі Бейжің күштерінің артуы екі ел арасындағы қайшылықты күшейтетін қауіпті фактор болмақ. 

Өкілдер палатасының мүшесі Эрн "қытайлық әскери күштер АҚШ-тың кемелеріне қауіп төндіріп отыр" деп айыптады. Оның пікірінше, Бейжіңнің экономикасы мен әскери-теңіз күштері артатын болса, жағдай тіпті нашарлай түседі.

Вашингтонда шығатын The Hill газетіне берген сұхбатында ол: "Біз Қытаймен соғыспауымыз мүмкін, бірақ олар бізбен соғысуда" деген. 

– Оңтүстік Қытай теңізінде Қытай Әскери-теңіз күштері арал-бекіністер салуда және олардың әскери кемелері халықаралық сауда бағыттарын қамтамасыз ететін АҚШ әскери-теңіз күштеріне қауіп төндіруде, – дейді ол.  

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір