• USD 409.98
  • EUR 462.21
  • RUB 5.75
  • CNY 58.43

31 Мамыр, 2020 NEWS

Алматыда блокбекеттер 1 маусымға қараған түні алынады

Көрнекі сурет

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада блокбекеттер 1 маусымға қараған түні алынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

– 1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл – коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито- және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін. Осы 2,5 айдың ішінде Сіздер тәулік бойы қызмет етіп, жүктелген міндетті абыроймен атқардыңыздар, – деді қала әкімі.

Оның айтуынша елдегі және қаладағы жағдайдың тұрақтануы шектеулерді алуға мүмкіндік берген.

– Бұл ретте барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтіліп, қауіпсіздікке басымдық берілді. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде. Белгіленген тәртіпке бағынып, сангигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!, – деп жазды Сағынтаев.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

31.05.2020 1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. ТЖ режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл — коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито- және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін. Осы 2,5 айдың ішінде Сіздер тәулік бойы қызмет етіп, жүктелген міндетті абыроймен атқардыңыздар. Елдегі және қаладағы жағдайдың тұрақтануы шектеулерді алуға мүмкіндік берді. Бұл ретте барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтіліп, қауіпсіздікке басымдық берілді. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде. Белгіленген тәртіпке бағынып, сангигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! —— С полуночи 1 июня снимаем блокпосты по периметру города. За время режима ЧП они выполнили свою основную функцию — ограничили передвижение из и в город. Это было нужно для того, чтобы остановить распространение коронавируса. Хочу поблагодарить всех сотрудников полиции, санитарной службы, фито- и ветконтроля, районных акиматов города, военнослужащих Нацгвардии и Минобороны. За эти 2,5 месяца вы достойно исполнили свой долг, круглосуточно неся службу. Отмена ограничений на передвижение стала возможной благодаря стабилизации ситуации по стране и в нашем городе. При этом все предприятия и организации работают в условиях усиленных мер санитарной безопасности. Проводится дезинфекция домов, дворовых площадок и улиц. Прошу придерживаться установленных правил, соблюдать сангигиену, сохранять социальную дистанцию, носить защитную маску. Это становится нормой современной жизни. Берегите себя и близких!

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір