• USD 409.98
  • EUR 462.21
  • RUB 5.75
  • CNY 58.43

31 Мамыр, 2020 NEWS

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ШҚО-да онлайн шаралар өтті

Көрнекі сурет

31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі. Бұл күн саяси қуғын-сүргінге ұшырап, аштықтан жаппай қаза тапқан миллиондаған адамның тағдыры қиылған күн. Осыған байланысты Шығыс Қазақстанда түрлі онлайн платформадағы деректі жарияланымдар мен видео-дәрістер, видео-экскурсиялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

20 ғасырда біздің мемлекеттің аумағында ГУЛАГ, ҚарЛаг, Степлаг, АЛЖИР сынды еңбекпен түзеу лагерлері ұйымдастырылды. 30-40 жылдары Қазақстанға жүздеген кәріс, түрік, иран, күрт, әзірбайжан ұлттарының өкілдері жер аударылды. Ал әскери жылдарында кейін неміс, грек, шешен, ингуш, қарашай, балқар, қырым татарлары мен басқа халықтар жер аударылды. Олар біздің ұлттың қонақжайлығы мен мейірімділігінің арқасында осында біржола сіңісіп кетті.

Бүгінде жер аударылып келген өзге елдерден келген адамдардың ұрпақтары егеменді Қазақстанда өмір сүріп, еліміздің дамуына үлес қосуда. Олар Қазақстанды Отанымыз деп есептейді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханада «Жаралы жылдар жаңғырығы» мен «Истерзанное сердце» атты деректі шаралар онлайн режимде өтті. «Истерзанное сердце» атты деректі шара барысында М.Мусина, Г.Бельгер, Е.Кузнецов, В.Могильницкий, А.Әлжанова, Б.Қойшыбаева сынды жазушылардың кітаптарынан үзінділер көрсетілді.

«Жаралы жылдар жаңғырығы» бөлімінде саяси қуғын-сүргін құрбандары мен ашаршылық жылдарында қаза тапқан шығысқазақстандықтар туралы деректі материалдар ұсынылды.

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада осы тақырыпқа орай жазылған кітаптардың көрмесі өтті. Көрмеде «Летопись народной трагедии», «Страницы трагических судеб», «Красный террор: политическая история Казахстана» жинағы, «Великий джут» деректі кітаптары ұсынылды. «Книге скорби» кітабында саяси қуғын-сүргін жылдары Шығыс Қазақстан облысында зардап шеккен азаматтардың тізімі жазылған.

Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Жизнь во имя свободы» мен «Трагические страницы истории края» атты видео-дәрістер ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында «Жертвы репрессий» атты видео-дәріс өтті. Мұражай-қорықтың қызметкері саяси қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жазаға тартылған ұлт қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтың тағдырлары туралы кеңінен айтып берді.

ШҚО ақпарат орталығы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні егеменді еліміздің бұл күнге қалай жеткенін айғақтайтын күн іспеттес. Сондықтан келер ұрпақ саяси қуғын-сүргін құрбандары мен аштықтан қаза тапқан азаматтарды бір сәтте естен шығармақ емес.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір