31 Мамыр, 2020 NEWS

Илон Маск ғарыш кемесінің Қазақстаннан өткендегі видеосы жарияланды

Илон Масктың ғарыш кемесінің Каспий теңізінен, Қазақстан территориясынан, Байқоңырдың солтүстігінен өткені хабарланды.

Илон Масктың SpacX компаниясының "Dragon" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жетті.

NASA ғарышкерлері Даг Херли мен Боб Беннкен Флоридадан сенбіде ұшқан болатын

Тікелей эфирде ғарыш кемесінің Каспий теңізінен, Қазақстан территориясынан, Байқоңырдың солтүстігінен өткені хабарланды.

– Дәл қазір "Dragon" мөлшермен Каспий теңізінің үстінен ұшып өтіп барады. Бұлттар жер планетасына керемет көрініс беріп тұр... "Dragon" ғарыш кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясы Қазақстаннан өтіп бара жатыр. Дәл қазір олар Байқоңырдың батыс жағында бірнеше жүз миль қашықтықта кетіп барады. Байқоңыр кешеге дейін біздің Құрама Штаттардың ғарышкерлері үшін орбитаға ұшып, Халықаралық ғарыш станциясына жететін жалғыз қақпа болатын. Олар дәл қазір Байқоңырдың солтүстігінен өтіп барады. Біз Қазақстанның керемет көрінісін көріп тұрмыз, – деді SpaceX-тың Youtube арнасының тікелей эфирінде екі комментатордың біреуі. 

– Крис Кэссиди жақында ғана осы Байқоңырдан Союз зымыраны арқылы ұшқан болатын, – деді екіншісі. 

Ғарыш кемесі Қазақстан территориясынан өтіп, мөлшермен бір сағаттан артық уақыттан кейін, Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) қосылды. Ол Алматы уақыты бойынша сағат 20:16-ға тура келді. Бұл кестедегі уақыттан сәл ертерек. Қосылу Қытайдың солтүстігі мен Моңғолия шекарасы тұсында 422 шақырым  биіктікте болды. 

Ғарыш кемесінің Қазақстан территориясынан өткен кездегі видеоны төмендегі сілтеме арқылы көруге болады. 

Ілмек сөздер: NASA

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір