01 Маусым, 2020 Ел
Бейбіт шеру өткізу туралы заң күшіне енеді
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
көрнекі сурет
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылғы 25 мамырда Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңға қол қойғанын хабарлайды. Бұл туралы ақпаратты министрлік Telegram арнасына жүктеген болатын, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі
Заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Заң 2020 жылғы 26 мамырда жарияланды, сәйкесінше 2020 жылғы 6 маусымда күшіне енеді.
2020 жылғы 6 маусымға дейін «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы өз күшінде қалады.
Осыған байланысты бейбіт жиналыстар туралы хабарламалар мен келісуді алу туралы өтініштерді жолдау «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңы күшіне енгеннен кейін мүмкін болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір