• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:49:06
Алматы
+35°

Ұлыбританияның астанасы Лондонда мыңдаған адам Америка Құрама Штаттарындағы Джордж Флойд есімді қара нәсілді жігіттің полиция қолынан қаза табуына наразылық білдіріп, шеруге шықты. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Олар "Джордж Флойдқа әділеттілік" деген жазулар жазылған плакаттарды көтеріп, "нәсілшілдікке орын жоқ" деп ұрандатып, көшелерді жапты.

Наразылық Ұлыбританияның бірнеше қаласын шарпыды. Жүздеген адам Манчестер қаласы мен Кардифф қаласының орталығынан жүріп өткен.

– Лондонда наразылық білдірушілер "мен тыныс ала алмадым" деген жазуы бар плакаттар ұстады, – деп хабарлады BBC. Бұл сөзді полиция тізесінің астында қаза тапқан қара нәсілді жігіт өлер алдында айтқан-ды.

Ұлыбритания полициясы АҚШ елшілігінің маңында 17-25 жас аралығындағы бес адамды қамауға алған. Олардың үшеуі Ковид-19 заңын бұзғаны үшін, екеуі полицияға шабуыл жасағаны үшін тұтқындалған.

Ұсталғандар полицияға жауап алу үшін қамауда отырғаны хабарланды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлыбритания

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір