• USD 409.19
  • EUR 461.24
  • RUB 5.67
  • CNY 58.26

01 Маусым, 2020 NEWS

Атырауда итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам ұсталды (видео)

tengrinews.kz

Итті тоңазытқыш есігімен қылғындырып жатқан ер адамның желіде резонанс тудырған видеосына байланысты Атырау облысында екі азаматқа қатысты тергеу жұмыстары басталды.

– Оқиға 31 мамырда Еркінқала ауылының шетінде болған. Полиция қызметкерлері күдіктілер 1979 және 1986 жылы туған азаматтар екенін анықтап, ұстады. Оларға екі факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодекснің 316-бабы (Жануарларға қатыгез қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады облыстың полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Жалпы оқиға мамыр айының соңғы күндері болған.

– Алғашқы оқиға 30 мамыр күні Атырау қаласының "Береке" шағын ауданында болды. Екінші жағдай, 31 мамыр күні қала маңындағы Еркінқала ауылында тіркелді, онда ер адам итті тоңазытқыштың есігімен қылғындырып қыйнаған, – деді Мұхтарова.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

ЛЮДИ, КТО ЕГО ЗНАЕТ?!!!!! Магрулан (Мака) из Еркинкала!!! Что тебя сподвигло на такую жестокость? Как это объяснить? Люди, со вчерашнего дня это третий случай ЖЕСТОКОГО ОБРАЩЕНИЯ С ЖИВОТНЫМИ в городе Атырау!!!!! Наш дайрект разрывается от сообщений, перепостов. И это только те, о которых нам удалось узнать. Среди кого мы живем?! Максимальный перепост!!!! ?

Публикация от Группа помощи «Доброе Сердце» (@help_animals_atyrau)

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір