• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:13:39
Алматы
+35°

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылды.

Қыздың денесі Үлкен Алматы көлінің қасындағы Космостанция аумағында табылған. Қазіргі уақытта полиция қыздың неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 26 жастағы Әсел Панарғалиеваның жоғалып кеткеніне 6 айдан астам уақыт өтті. Ол тау туризмімен айналысып жүрген. 9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы (Жосалы) көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған. Одан кейін байланысқа шықпаған. Қыздың 9 қараша күні Космостанция ауданында таудан түсіп келе жатқанын адамдар көрген.

Сонымен қатар Әселдің ата-анасы тікұшақпен іздеу салып, іздеп тапқан адамға сыйақы беретінін хабарлаған болатын. 

Соңғы іздестіру жұмыстары 14 мамырда қайта басталған. Құтқарушылар Коммунальник – БАО – Гайиш – ғарыш станциясы – Үлкен Алматы шыңымен жүрген.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір