• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:20:37
Алматы
+35°

Алматы облысында № 4 блокбекетте жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болған Дастан Әбдіқановтың анасы Жанатгүл Әбдірова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан ұлының өліміне қатысты тергеуді қадағалауды сұрап, Instagram парақшасында жазба жариялады. 

– Мен қызмет бабында қаза болған Дастан Абдықановтың анасымын. Дастан 26 жасында Елі мен Отаны алдында адал қызмет етіп жүріп, кісі қолынан қаза болды. Әлеуметтік желіден келінім Динара күйеуінің өліміне кінәлі Азат Азаматовтың суретін көргенде бірден таныған. Себебі ол күйеуі жұмыста болған уақытта үнемі сөйлесіп отырған, оның кіммен бірге сменге түсетінін жақсы білген. "Қылмыскердің полицияда әлі де жұмыс істейтінін, желіде жалған ақпарат таралып жатқанын, тек шындықты айтыңыздар" деп жазғанын растаймын. Әкесі тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып, өз ойымен келінім ешқандай жазба қалдырған жоқ деп сұқбат берген. Шындығында келінінің жазбасы туралы білмеген. Біздің бір-бірімізбен әңгімелесіп, желі қарап, талқылауға жағдаймыз болған жоқ, – деп жазды Жанатгүл Әбдірова.

Сондай-ақ, ол ел Президентіне үндеу жасады.

– Мен ұлымның абыройына нұқсан келмеуін және қылмыскердің әділ, заң талаптарына сай, қатаң жазалануын сұраймын. Бұл аса қайғылы істің ақ қарасын анықтап, қылмыскердің әділ жазасын алуын талап етемін. Мен ешкімге сенбеймін. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза, осы іс тікелей өз бақылауыңызда болып, қылмыскер әділ жазасын алады деп сенемін, – деді анасы.

Еске сала кетейік, 25 мамыр күні таңға жуық № 4 блокпоста BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Жол-көлік оқиғасынан екі полиция қызметкері көз жұмған болатын.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Мен қызмет бабында қаза болған Абдықанов Дастанның анасымын. Дастан 26 жасында Елі мен Отаны алдында адал қызмет етіп жүріп, кісі қолынан қаза болды. Әлеуметтік желіден келінім Динара күйеуінің өліміне кінәлі Азат Азаматовтың суретін көргенде бірден таныған. Себебі ол күйеуі жұмыста болған уақытта үнемі сөйлесіп отырған, оның кіммен бірге сменге түсетінін жақсы білген. "Қылмыскердің полицияда әлі де жұмыс істейтінін, желіде жалған ақпарат таралып жатқандығын, тек шындықты айтыңыздар" деп жазғанын растаймын. Әкесі тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып, өз ойымен келінім ешқандай жазба қалдырған жоқ деп сұқбат берген. Шындығында келінінің жазбасы туралы білмеген. Біздің бір-бірімізбен әңгімелесіп, желі қарап, талқылауға жағдаймыз болған жоқ. Мен ұлымның абыройына нұқсан келмеуін және қылмыскердің әділ, заң талаптарына сай, қатаң жазалануын сұраймын.Бұл аса қайғылы істің ақ қарасын анықтап, қанышер қылмыскердің әділ жазасын алуын талап етемін.Мен ешкімге сенбеймін.Құрметті Президент Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев мырза осы іс тікелей өз бақылауыңызда болып,қылмыскер әділ жазасын алады деп,сенемін.

Публикация от Абирова Жанатгул (@abirovazhanatgul)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір