• USD 405.69
  • EUR 455.51
  • RUB 5.72
  • CNY 57.42

02 Маусым, 2020 Әлеумет

Теңіздегі дау: Неге бастықтар ауырмайды, жұмысшылар ауырады? (видео)

Жұмысшылар «Теңізшевройл» ЖШС басшыларымен немесе өкілдерімен кездесуді талап етіп отыр

Теңіздегі жағдай

Әлеуметтік желіде Теңіз кен орнында болған талап шеруінің видеосы пайда болды. Жұмысшылар «Теңізшевройл» ЖШС басшыларымен немесе өкілдерімен кездесуді талап етіп отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ATPress-ке сілтеме жасап

«Үйімізді көрмегелі үш айдай уақыт болып кетті, үйде бала-шағамыз жылап жатыр» делінген видеода. Сонымен қатар наразы жұмысшылардың боқауыз сөз айтып жатқанын естуге болады

«Біз шаршадық, қашанға дейін шыдауымыз керек, үш ай түрмеде отырған секілдіміз осы шаруаны шеше алатын біреу келсін осы жерге. Анализ алғанына 20 күн өтті, нәтижесі әлі жоқ! Неге бастықтар ауырмайды, неге жұмысшылар ауырады?» дейді жұмысшылар.

Эмоцияға ерік берген азаматтар түрлі сөздермен балағат айтуда. Олар «егер талап орындалмаса, аштық жариялаймыз» деп отыр.

Аймақтық шұғыл штабтағылар жағдайдың 30 мамыр күні екі еншілес компанияның жұмысшылары тұрып жатқан вахта ауылында болғанын хабарлады. 30-ға жуық адам карантиннің ұзарып кеткеніне наразылық білдірген. Олар COVID-19 анықтауға тест тапсырған және коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар ретінде 14 күнге оқшауланған. Екінші рет тестілеуінің нәтижесі кешігіп жатыр, бірақ бүгін мәселе шешілуі керек.

Атырау облысында коронавирусты жаңадан жұқтырған 69 адам бар. Олардың 54-і Теңіз кен орнындағы мердігер ұйымдардың жұмысшылары.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір