• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:09:07
Алматы
+35°

Атырау облысында итті тоңазытқыштың есігіне қылқындырып, желіде резонанс тудырған ер адам барша қазақстандықтардан кешірім сұрап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін айтты. 

– Ассалаумағалейкум, Қазақ елі. Мен, Жұматаев Мақбан Жалғасұлы боламын. Атырау облысы,Еркінқала ауылында тұрамын. Кеше итті қорладым, жасаған ісіме өкінемін. Ит үш-төрт күн бұрын келген қызыма шапды. Кеше түс уақытында ит босап кетіп, ата-анам еккен жылыжай сатысын таптап, целловандарды жыртқаны үшін мастықпен оны қорладым. Мені видеоға түсірген жігіт иттен арашалап мені аман-есен алып қалды. Ит қазіргі уақытта тірі. Оны толық тексеру үшін қалалық ветеринарға алып кетті. Істеген ісіме өкінемін. Барша қазақстандықтардан, сондай-ақ атыраулықтардан кешірім сұраймын. Енді екінші мүлдем қайталамаймын. Баршаларыңыздан кешірім сұраймын, – деді ер адам.

Еске сала кетейік, 31 мамыр күні қала маңындағы Еркінқала ауылында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырып жатқан ер адамның видеосы желіде резонанс тудырған болатын.

 

өз кешірімін сұрады

Публикация от ATYRAU | KAZAKHSTAN | 06? (@atyrauoil.official)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір