• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:17:49
Алматы
+35°

02 Маусым, 2020 Барлық аймақтар

Министр: ата-аналарға ҰБТ аймағында күтуге тыйым салынады

Министрдің сөзінше, ҰБТ тапсыратын аймақ арнайы жолақтармен қоршалады

көрнекі сурет

Ата-аналар мен басқа да бөгде жандардың ҰБТ аймағында түлекті күтіп тұруына тыйым салынады. ҰБТ барысын бақылап отыру үшін ата-аналарға онлайн-трансляция жүргізіледі, деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Министрдің сөзінше, ҰБТ тапсыратын аймақ арнайы жолақтармен қоршалады.

– ҰБТ тапсыру орнына кіру аймағында тәртіп сақталады, арақашықтық кемінде екі метр болуға тиіс, бұл шара ҚБТ тапсыру кезінде де қолданылады. 161 ҰБТ тапсыру орнында 1200-ге жуық аудитория дайындалады. Олардың ішіне тек 50% түлектен отыратын болады, бұл қауіпсіздік үшін, – деді Асхат Аймағамбетов

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір