• USD 410.7
  • EUR 465.28
  • RUB 5.8
  • CNY 58.81

02 Маусым, 2020 Әлеумет

Баспана мәселесін шешу үшін «Шаңырақ» пилоттық жобасы іске қосылады

Бұл үшін 390 млрд теңге бөлінеді, оның 180 млрд теңгесі өңірлерде салынатын әлеуметтік баспана құрылысына жұмсалады

көрнекі сурет

Кезекте тұрғандардың баспана мәселесін шешу үшін биыл «Шаңырақ» пилоттық жобасы ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін "Шаңырақ" пилоттық жобасын іске қосамыз. Бұл үшін 390 млрд теңге бөлінеді, оның 180 млрд теңгесі өңірлерде салынатын әлеуметтік баспана құрылысына жұмсалады. 210 млрд теңге кезекте тұрғандарды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы "5-10-20" шарттары бойынша несиелеуге жіберіледі, – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде.

Оның айтуынша, жыл басынан бері шамамен 25 мың тұрғын үй немесе 3,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Жыл басынан бері 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу және 39 мыңнан астам отбасын мемлекеттік қолдаумен қамту жоспарланған.

 

Ілмек сөздер: шаңырақ тұрғын үй

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір