• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:37:34
Алматы
+35°

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын блокбекеттердің алынғанына қарамастан, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұстануға шақырды.

Қала тұрғындары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, маска тағу режимін және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтаулары тиіс. Көпшілік орындарға барудан сақ болуы қажет.

Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 647 жағдайы тіркелген. Сонымен бірге, оның айтуынша, жұқтырудың 90 пайыздан астамы алдын ала тест пен скрининг жүргізу кезінде анықталады. Бір аптадағы күнделікті өсім жекелеген күндері 1,7%-дан 4,8%-ға дейін құраған. Бүгінде 1627 адам аурудан айығып, үйлеріне шыққан.

– Қаладағы топтар мен барлық осал контингенттер үнемі тұрақты бақылауда. Жүйелі түрде скринингтік зерттеу жүргіземіз. Қазіргі уақытта біз осыған дейін анықталған барлық дерлік ірі ошақ учаскелерін жойдық. Қаладағы жалпы жағдай бақылаумызда. Біз карантин шараларының – тұрғындардың қалаға кіруі мен шығуына қатысты бір бөлігін алып тастадық. Біздің кәсіпорындарымыздың және бірінші кезекте, олардың қызметкерлерінің барлық шектеу шараларын қолданған жағдайда жұмыстарын қайта бастауына мүмкіндік бердік, – деді Ж. Бекшин.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір