• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:47:35
Алматы
+35°

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов блокбекетте болған жол-көлік оқиғасына пікір білдірді.

Таймерденов полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың қаза болу фактісі бойынша тергеу ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлімі бойынша басталғанын атап өтті.

– Ішкі істер министрі барлық бөлімшелер басшыларының іс-әрекетіне принципті баға берді және кінәлі адамдар жазаланды. Сонымен қатар тергеу мұқият жүргізіліп жатыр. Әзірге, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің «Сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялауға жол берілмеуі» туралы 21-бабына сәйкес, біз қандай-да бір нұсқаны айта алмаймыз, – деді Қанат Таймерденов.

Ол құқық қорғау органдарында бұрын жұмыс істеген көлік жүргізушісі Азамат Азаматовқа қатысты тергеу әрекеттері барлық нормаларды сақтай отырып, жүргізілетінін және ол жауапкершілікке тартылатынын атап айтты.

– Көлікті кім жүргізгені маңызды емес. Ол бұрынғы құқық қорғау органдарында жұмыс істеген немесе жұмыстан шығарылды ма, оның да маңызы жоқ. Ол қылмыс екенін біліп тұрып, мас күйінде көлікке отырды. Сол үшін жауап береді, – деп атап айтты Қ. Таймерденов.

Осылайша департамент басшысы әлеуметтік желілерде мәлімдемелер жасап, қауесет таратпауға және тергеудің ресми қорытындысын күтуді сұрады.

Еске сала кетейік, блокбекетте қайтыс болған Дастан Әбдіқановтың анасы Жанатгүл Әбдірова президент Тоқаевтан ұлының өліміне қатысты тергеуді қатаң қадағалауды сұраған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір