• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:36:16
Алматы
+35°

2 мамыр күні сенат төрағалығынан кеткеннен кейін ел алдына шықпаған Дариға Назарбаева Қазақстан жастарының конгресі отырысында төбе көрсетті. Экс-сенатордың жиналысқа қатысқанын растайтын фото мен видео ұйымның instagram парақшасындағы stories-ке жарияланды.

Отырыс туралы конгрестің ресми парақшасында еңжей-тегжейлі хабарланбаған. Тек бүгінгі күннің маңызды күн екені, оның маңызды екені сондай млн-даған қазақстандықтың тағдырын өзгертуі мүмкін екені, Jascongress.university презентациясы өтетіні, "үлкен кісінің" алдында жоба қорғауға дайындық туралы қысқа хабарламалар бар.

Сондай-ақ Дариға Назарбаева жұмыс кездесуімен конгрес кеңсесіне келгені, 2019 жыл бойынша қысқа есеп берілгені, 2020 жылға жоспарланған жобалар талқыланғаны, түрлі жобалардың таныстырылғаны, соңында кездесудің 4 сағатқа созылғаны көрсетілген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дариға Назарбаева

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір